Өскеменде жалғыз серуендеп жүрген аюдың видеосы тарап жатыр
Әлеуметтік желілерде Өскеменде түсірілген делінген видео тарады. Онда қала ішінде аюдың жалғыз өзі жүргені көрінеді.
Ол көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Бейнежазбада аюдың адамдардан секемденіп, бой тасалап жүргені, әлденеден үркіп қашқаны көрінеді.
Видеода: «Абай болыңыздар: ГЭС маңындағы айлақ ауданында бейнебақылау камерасына аю түсіп қалған. Мүмкіндігінше жақын арада бұл аумақта, әсіресе іңір кезінде серуендеуден аулақ болыңыздар. Өзіңізді және үй жануарларыңызды сақтаңыздар!» – деген пікір айтылған.
YK-news.kz хабарлауынша, ШҚО полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментіне бұл жағдайға байланысты оларға ешқандай өтініш түспеген.
Айта кететін жайт, 14 тамызда Шығыста марал, елік, аю мекендейтін орман өртенген еді.
- Соңғы
- Тамыз, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 20
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 тамыз 2026