Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Садақа дастарханын жайып, жеті шелпек пісіруге бола ма – мүфтият түсініктеме берді

kz.kursiv.media

Садақа дастарханын жайып, жеті шелпек пісіруге бола ма – мүфтият түсініктеме берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы марқұмды еске алып, оның атынан садақа беріп, дастархан жаю дәстүріне қатысты түсініктеме берді. Қазақ қоғамында қалыптасқан бұл дәстүрдің негізгі мәні – дүниеден өткен адамды еске алу, оның рухына Құран бағыштау, ағайынның басын қосып, дұға жасау. Ал ас беру кезінде ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеу маңызды. жөн.

ҚМДБ атап өткендей, қазақ дәстүрінде марқұмның жетісі, қырқы, жүзі мен жылдығында ағайын-туыс жиналып, ас беріп, Құран бағыштап жатады. Әсіресе алыста жүрген туыстар осындай жиындарға арнайы келіп, көңіл айтып, дұғаға қатысқан.

«Ас садақа дастарқаны мақтаныштың сипаты емес. Сауапты істің түрі, яғни нәпіл садақа деп атасақ та орынды», – делінген түсіндірмеде.

Марқұмға Құран бағыштау, садақа жасау және ас беру дәстүрін кейбір діни ағым өкілдері «бидғат» деп бағалап келген. Алайда мәтінде «бидғат» ұғымының өзі кез келген жаңа дүниені автоматты түрде теріс деп тануды білдірмейтіні айтылады.

Діни ғалымдардың пікірінше, қандай да бір істің дінге қайшы немесе рұқсат етілген амал екенін оның мазмұны мен негізіне қарай бағалау қажет.

ҚМДБ түсіндіруінше, жеті шелпек пісіру, марқұмға Құран бағыштау және оның атынан садақа жасау сияқты дәстүрлерді бірден «бидғат» деп бағалауға болмайды.

Қазақтың «Қазалы үйде қазан көтерілмесін» деген дәстүрі де осы ұстаныммен байланысты. Яғни қаралы үйдің жағдайын жеңілдету, отбасыға қолдау көрсету – дәстүрдің маңызды бөліктерінің бірі.

Мүфтият өкілдері марқұмға арналған садақа дастарханын жарыс пен мақтанның емес, ізгілік пен дұғаның көрінісі ретінде қарастыру қажет екенін айтады.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қоғамда жиі талқыланатын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты арнайы мәлімдеме жасады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар