Тоқаев Бангладештің жаңадан сайланған президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
«Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларыңыз бен бастамаларыңызды табысты іске асыруыңызға тілектеспін. Достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесе жұмыс жүргізуге әзір екенімді растаймын», – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.
- Соңғы
- Тамыз, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 22
-
- Тамыз, 21
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026