Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шетелде 4,5 мыңға жуық қазақстандық дауыс берді

kz.kursiv.media

Шетелде 4,5 мыңға жуық қазақстандық дауыс берді

Қазақстаннан тыс жерде Құрылтай депутаттарын сайлауда сағат 16:00-ге дейін 4 378 адам дауыс берді, деп хабарлайды kursiv.media.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін шетелде 78 сайлау учаскесі ашылған.

Жалпы, шетелдегі қазақстандықтар үшін 61 елдегі дипломатиялық мекемелер жанынан 79 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Шетелдегі сайлаушылар тізіміне Қазақстанның 11 402 азаматы енгізілген.

Қазақстанда сайлауға қатысу көрсеткіші 65 пайыздан асты. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 8 240 336 сайлаушы бюллетень алып, өз дауысын берді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар