Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы Mega Center орталығында дабыл қағылып, халықты сыртқа шығарып жіберді

kz.kursiv.media

Алматыдағы Mega Center орталығында дабыл қағылып, халықты сыртқа шығарып жіберді

22 тамыз күні Mega Alma-Ata сауда ойын-cауық орталығында дабыл іске қосылып, орталықтағы келушілер шұғыл түрде далаға шығарылды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткен, ал эвакуация сәті түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, шақырудың жоғары дәрежесі расталған жоқ, ал оқиға орнында ашық өрт байқалмаған.

«Ашық өрт анықталған жоқ. Автоматты өрт дабылының не себепті іске қосылғанын мамандар анықтайтын болады», – делінген ТЖД хабарламасында.

Ал, Mega Alma-Ata әкімшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында оқиғаның бақылауда екенін, келушілердің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

«Mega Alma-Ata сауда орталығында өрт дабылы іске қосылды. Жағдай бақылауда, барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ТРЦ өз жұмысын жалғастыруда. Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сауда орталығы әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр, ал дабылдың неліктен қосылғаны анықталып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар