Құрылтай сайлауында 8,2 миллионнан астам адам өз таңдауын жасады
2026 жылғы Құрылтай сайлауында сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 8 240 336 сайлаушы бюллетень алып, өз дауысын берді. Бұл туралы Орталық сайлау коммисиясы хабарлады.
Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші келесідей:1. Астана қаласы бойынша – 46,38%.2. Абай облысы бойынша – 71,18%.3. Ақмола облысы бойынша – 73,69%.4. Ақтөбе облысы бойынша – 75,63%.5. Алматы облысы бойынша – 67,23%.6. Атырау облысы бойынша – 63,37%.7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,81%.8. Жамбыл облысы бойынша – 69,11%.9. Жетісу облысы бойынша – 77,03%.10. Қарағанды облысы бойынша – 70,91%.11. Қостанай облысы бойынша – 70,09%.12. Қызылорда облысы бойынша – 81,38%.13. Маңғыстау облысы бойынша – 65,86%.14. Павлодар облысы бойынша – 67,06%.15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,94%.16. Түркістан облысы бойынша – 76,73%.17. Ұлытау облысы бойынша – 64,29%.18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,33%.19. Алматы қаласы бойынша – 36,65%.20. Шымкент қаласы бойынша – 67,92%.Жалпы еліміз бойынша сағат 16.00-де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 18.00-де беріледі.
- Соңғы
- Тамыз, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 22
-
- Тамыз, 21
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026