Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

10 қыркүйекке дейін Жібек жолы – Қаскелең аралығында көлік қозғалысы шектеледі

kz.kursiv.media

10 қыркүйекке дейін Жібек жолы – Қаскелең аралығында көлік қозғалысы шектеледі

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

«ҚазАвтоЖол» Алматы облыстық филиалы республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының 1194–1209 (27–42) шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

«Жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін аталған учаскеде, яғни Жібек жолы – Қаскелең аралығында, көлік қозғалысы уақытша шектеледі», – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады. «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол белгілері мен қозғалысты реттеушілердің талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Алматы облысында жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұның алдында 2026 жылғы 17-20 тамыз аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін 1177-шақырымнан (Ақсай ауылы) 1186-шақырымға (Жібек Жолы ауылы) дейінгі аралықта шектеу салынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар