Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Танымал Big Bang тобының 20 жылдығына орай Кореяда көрме өтеді

kz.kursiv.media

Танымал Big Bang тобының 20 жылдығына орай Кореяда көрме өтеді

Оңтүстік Кореяның аңызға айналған Big Bang тобы сахнадағы 20 жылдық мерейтойына орай «Cosmos» деп аталатын медиа-көрме өткізеді. Бұл туралы ұжымның YG Entertainment агенттігі мәлімдеді.

«Cosmos» көрмесі топтың 20 жылдық тарихын, өткені мен бүгінін және болашаққа деген жоспарын баяндайды. Шараны ұйымдастыру үшін заманауи технологиялар кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, жасанды интеллект, голограммалар, виртуальды шынайылық (VR) және 3D-моушн графикасы болмақ. Ал көрменің тизер-постерінде топ мүшелерінің жүздері емес, жарық пен көлеңке арқылы жасалған силуэттері ғана бейнеленген.

Көрменің алғашқы бөлімі Сеулдің оңтүстігіндегі танымал Lotte World Tower кешенінде өтеді. Оған кіру тегін. Негізгі көрме Сеул орталығындағы Сити-холл және Euljiro 1-ga бекеттерінің арасындағы жерасты кешенінде ұйымдастырылады. 24 тамызда басталып, 27 тамызға дейін жалғаспақ.

Big Bang тобы 2006 жылдың тамыз айында дебют жасаған. K-pop жанрын әлемге танытуға себеп болған, «корей шоу-бизнесінің королі» атанған атақты топ. Бастапқыда топ құрамында бес жігіт болды, бірақ қазір тек үш адаммен ғана өнер көрсетеді. Олар: G-Dragon, Тэян және Дэсон.

Оқи отырыңыз: BTS пен Google Gemini Лас-Вегаста жаңа жобасын ұсынды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар