ШҚО-да жартасқа жазу жазған туристер жауапкершілікке тартылды
Шығыс Қазақстан облысында туристер көл маңындағы жартасқа жазу жазғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Жақын шетелден келген қонақтар Сібе көлдерінің үшіншісі – Шалқар көлінде демалып, жартасқа «Санкт-Петербург» деген жазу қалдырған.
Видеожазба әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылардың наразылығын тудырды.
YK-news.kz хабарлауынша, туристер жауапкершілікке тартылып, жазуды өшіруге мәжбүр болған.
«Полиция қызметкерлері ШҚО-дағы Шалқар көліндегі жартас беткейіне «Санкт-Петербург» деген жазуды салуға қатысы бар шетел азаматтарын анықтады. Заң бұзушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заң бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.
Айта кететін жайт, Өскеменде қала ішінде жалғыз серуендеп жүрген аюдың видеосы тараған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026