Алматыда Әди Шәріпов көшесіндегі тұрғын үйінде өрт шықты
Алматы қаласы Алмалы ауданындағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан ғимараттардың бірінде төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Kursiv.Media ТЖД сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, өрт ғимараттың кабельдік шахтасынан шыққан. Оқиғаның күрделілігіне байланысты өрт сөндіру бөлімшелері жоғары шақыру деңгейі бойынша жұмысқа жұмылдырылды.
Өрт сөндіру қызметі шақырту түскен сәттен бастап 5 минут ішінде оқиға орнына жедел жетті.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) арнайы буындары ғимарат ішіндегі адамдарды қауіпсіз жерге шығару және құтқару жұмыстарын жедел түрде ұйымдастырды. Өрттің нақты шығу ошағын жылдам әрі дәл анықтау мақсатында мамандар жылу түсіргіштерді (тепловизор) пайдаланды.
Жедел әрі үйлесімді атқарылған іс-қимылдардың нәтижесінде өрт оқшауланды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026