Алматыда «Тұран жолбарысы» дауыс берді
Жетісу ауданы Айнабұлақ шағынауданындағы учаскеде «Тұран жолбарысының» киімін киген сайлаушы дауыс берді деп жазады kursiv.media Қазақпарат агенттігіне мілтеме жасап.
«Тұран жолбарысы» дауыс беріп болған соң, жиналғандармен тілдесіп, тұрғындармен естелік суретке түскен.
Бүгін елде ұлттық парламент – құрылтай сайлауы басталды. Сайлауда 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.
Бұған дейін президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин мен бұрынғы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев құрылтай сайлауында дауыс берді. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026