Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зейнетақы жинағы: қай басқарушы компанияның табысы жоғары

kz.kursiv.media

Зейнетақы жинағы: қай басқарушы компанияның табысы жоғары

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы кейбір компаниялардың табыс көрсеткіші Ұлттық Банктен айтарлықтай асып түсті.

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ активтерін басқаруда соңғы 12 айда ең жоғары кірісті «Сентрас Секьюритиз» алған. Осы кезеңде компанияның инвестициялық кірістілігі 15,6%-дан асты. Салыстырара болсақ, Ұлттық Банктің басқаруындағы активтердің кірістілігі 7,1%-ды құраған еді. Қаржы сарапшылары инвестициялық нәтижені дұрыс бағалау үшін қысқа кезеңді емес, ұзақ мерзімді көрсеткіштерге сүйенуді ұсынады.

Компания басқаруында 18,9 млрд теңге зейнетақы активі бар. Инвестициялық қызметтің арқасында жыл басынан бері 711,6 млн теңге табыс есептелді.

Активтердің кірістілігі жыл басынан бері 9,7%-ды құраса, соңғы 12 айда 15,6%-ға жетіп, нарықтағы ең жоғары көрсеткішті тіркеді.

«Alatau City Invest» басқаруында 21,7 млрд теңге зейнетақы жинағы бар. Жыл басынан бері тапқан инвестициялық табысы 933,5 млн теңгені құрады.

Компанияның кірістілігі жыл басынан бері 5,6%-ды, ал соңғы 12 айда 11%-ды құрады.

«Halyk Global Markets» портфелінде 6,7 млрд теңге актив жинақталған. 2026 жылдың басынан бергі инвестициялық кіріс 480,9 млн теңгеге жетті.

Активтердің кірістілігі жыл басынан бері 6,1%-ды, ал соңғы 12 айлық көрсеткіш бойынша 10,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш жылдық инфляциядан сәл жоғары.

«BCC Invest» басқаруында 17,7 млрд теңге зейнетақы активі бар. Тапқан инвестициялық табысы 858,4 млн теңгені құрады. Бұл кірістің басым бөлігі бағалы қағаздар мен кері РЕПО операцияларынан түсті.

Активтердің кірістілігі жыл басынан бері 6,2%-ды, ал соңғы 12 айда 9,4%-ды құрады.

Компания басқаруындағы зейнетақы активтерінің көлемі 71,9 млрд теңгеге жетті. 2026 жылдың басынан бері 3,9 млрд теңге инвестициялық табыс тапты.

Инвестициялық кірістілік жыл басынан бері 6,3%-ды, ал соңғы 12 айда 9,3%-ды құрады.

Мемлекеттік реттеушінің сенімгерлік басқаруында 26,9 трлн теңге зейнетақы активі шоғырланған. Жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс 1,15 трлн теңге болды.

Салымшылардың шоттарына бөлінген активтердің кірістілігі жыл басынан бері 4,4%-ды құрады. Ал соңғы 12 айдағы инвестициялық кірісі шамамен 1,81 трлн теңгені құрап, кірістілігі 7,1%-ға тең болды.

Аталмыш компания сенімгерлік басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірден бастады. Қазір оның басқаруында 568,2 млн теңге зейнетақы активі бар.

Әзірге бұл компанияның инвестициялық қызметінің нәтижес теріс мәнде: -2,8 млн теңгені құрап отыр. Басқару басталған сәттен бергі кірістілік көрсеткіші 1,1%-ға тең болған.

7 қыркүйектен қазақстандықтар өз зейнетақы жинағын 100 пайыз жеке басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына бере алады. Қазір тек 50 пайызын инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аударуға. Дегенмен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жинағын жеке компанияларға беруге асықпаған жөн деген пікірде.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар