Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда жолдардың жай-күйін жасанды интеллект бағалайды

kz.kursiv.media

Қазақстанда жолдардың жай-күйін жасанды интеллект бағалайды

Қазақстанда жолдардың жай-күйін бағалау үшін жасанды интеллект технологиялары бар жол зертханалары енгізіліп жатыр.

Көлік министрлігінің ақпаратына қарағанда, бұл туралы«ҚазжолҒЗИ» АҚ жетекші маманы Данияр Зәкіржан мәлімдеген.

Ол көлік инфрақұрылымын кешенді бағалау және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін жасанды интеллект технологиялары бар жылжымалы жол зертханаларын енгізу туралы айтты. Кешен жол төсемінің геометриялық параметрлері мен техникалық жай-күйі туралы деректерді жинауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Жылжымалы жол зертханасы жолдарды сканерлеп, олардың техникалық сипаттамаларын анықтайды. Одан кейін жасанды интеллект жүйесі жол жабынының жай-күйі туралы есеп қалыптастырады. Кешен жол белгілері мен жол таңбаларын тіркеуге арналған үш камерамен, жабынның тегістігін бақылайтын ультрадыбыстық датчиктермен, сондай-ақ ақауларды анықтауға арналған лазерлік сканерлеу жүйесі бар артқы камерамен жабдықталған», -деді Данияр Зәкіржан.

Айта кететін жайт, Қазақстанда ЖИ медицина саласына да енгізіліп отыр. Астаналық дәрігерлер ЖИ көмегімен 10 минутта диагноз қояды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар