Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құрылтай сайлауы: Exit-poll нәтижелері жарияланды

kz.kursiv.media

Құрылтай сайлауы: Exit-poll нәтижелері жарияланды

Қазақстанда құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс беру нәтижелерін алдын ала есептеу бойынша экзитполдардың нәтижелері жарияланды.

Жеке қор құрылтай сайлауында 200 учаскеде дауыс берген азаматтардың нәтижелерін «exit poll» әдістемесі бойынша алдын ала есептеді. Оған сәйкес:

Институттың қорытындысы бойынша:

Сағат 20:00-де елде құрылтай сайлауы бойынша дауыс беру аяқталды. Елдегі барлық сайлау учаскелері жабылды. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты. Қазақстанда барлығы 10 363 учаске жұмыс істеді.

Сайлауда 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.

Бюллетеньдегі партиялардың кезектілігі жеребе арқылы айқындалған. Ең көп кандидатты «Әділет» партиясы ұсынды — 186. Одан кейін Respublica — 75, Қазақстан Халық партиясы — 72, «Ауыл» — 69, «Ақ жол» — 63, «Байтақ» — 47 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 33 кандидат.

Сайлауды өткізуге үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінген.

Бұған дейін kursiv.media Құрылтай сайлауына алдын ала келу көрсеткіші 74,19%-ды құрағанын жазған. Яғни, 9 352 151 сайлаушы бюллетень алып, дауыс берді. Барлығы сайлаушылар тізіліміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 561 644 азамат енгізілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар