Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Орталық Қазақстанда жабайы керқұланның алғашқы құлыны дүниеге келді

kz.kursiv.media

Орталық Қазақстанда жабайы керқұланның алғашқы құлыны дүниеге келді

22 тамызда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватына қарасты «Әліби» реинтродукциялау орталығында Пржевальский жылқысының Қазақстан жеріндегі алғашқы құлыны дүниеге келді, деп хабарлайды KursivMedia Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Жарық дүние есігін ашқан құлын туғаннан кейін көп ұзамай өздігінен аяғына тұрып, енесінің соңынан еріп, сүтін еме бастады. Мамандардың үздіксіз бақылауы бойынша, қазіргі таңда енесі мен құлынның жағдайы жақсы.

Құлынның енесі – 2024 жылы Берлин Тирпаркінен Қазақстанға жеткізілген 7 жасар Тесса есімді бие. Бұл – оның алғашқы төлі.

Пржевальский жылқысын тарихи мекеніне қайтару жобасы 2024 жылы бастау алды. Бағдарлама аясында 2024 жылы – 7, 2025 жылы – 7, ал 2026 жылы 8 жылқы елге жеткізілді. 2029 жылға дейін Қазақстанға шамамен 40 жылқы әкелу жоспарланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар