Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Кейін Президент бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді.
«Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін сайлауда бұрынғы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин мен бұрынғы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026