Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан азаматтары алғашқы болып Сеул мен Токиода дауыс беріп жатыр

kz.kursiv.media

Қазақстан азаматтары алғашқы болып Сеул мен Токиода дауыс беріп жатыр

Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде Құрылтай сайлауына арналған сайлау учаскелері біртіндеп жұмысын бастады. Алғашқы болып Сеул мен Токиодағы саулау учаскелері өз жұмысы бастады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Дауыс беру мүмкіндігіне алғашқылардың бірі болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар ие болады.

Сеулде 422 және Токиода 425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова өз таңдауын жасады.«Мен Кореяда үш жылдан бері тұрып, қазіргі уақытта Корея университетінде білім алып жүрмін. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің болашағына қатысты маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден тыс қалмауға және өз үлесімді қосуға тырысамын», – деді Ажар Каримжанова.

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда құрылтай сайлауы басталды. Сайлауда 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар