Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ozon-ның Ресейдегі ірі қоймаларына дрондар шабуыл жасады

kz.kursiv.media

Ozon-ның Ресейдегі ірі қоймаларына дрондар шабуыл жасады

23 тамыздан 24 тамызға қараған түні дрондар Ozon компаниясының ірі қоймаларына шабуылдады. Оған дейін Самар облысындағы қоймасында да өрт шыққан еді.

Орынбор әкімі Альберт Юмадилов қойма аумағына «дрон сынығы» түсіп, өрт шыққанын растады. Қазір құтқарушылар отты өшірген.

Ал Ozon дерегінше, логистикалық орталықтан 300-ден аса қызметкер эвакуацияланған, компания қоймаға уақытша тауар қабылдап жатқан жоқ. Кейінірек желіде Ozon қоймаларының бірі өртеніп жатыр деген видео тарады. Онда ғимараттың отқа оранып, қалың, қою түтін басқанын көруге болады.

Сондай-ақ Санкт-Петербургтің Колпино ауданында ірі қоймалардың бірінен өрт шықты. Жергілікті басылымының жазуынша, өрт болған ғимарат Ozon компаниясының қоймасынан бар-жоғы 350 метр жерде орналасқан. Ресми билік өкілдері өрттің неден шыққанын әлі ашып айтқан жоқ. Зардап шеккендер туралы да ақпарат түспеді.

Соңғы үш айда украиналық дрондар ресейлік маркетплейстердің қоймаларына ерекше шабуылдап жатыр. Екі ай ішінде Wildberries компаниясының оншақты қоймасы өртенді. Соның салдарына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения, Өзбекстан және Қытайдың ондаған мың кәсіпкері миллиардтаған теңге шығынға батқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар