Құрылтай сайлауы: мәтіндік трансляция
Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде Құрылтай сайлауына арналған сайлау учаскелері біртіндеп жұмысын бастады. Алғашқы болып Сеул мен Токиодағы саулау учаскелері өз жұмысы бастады.
Дауыс беру мүмкіндігіне алғашқылардың бірі болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар ие болады.
Сеулде 422 және Токиода 425 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.
Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова өз таңдауын жасады.
Республика бойынша 10 423 сайлау учаскесі, оның ішінде 61 шет мемлекеттегі 79 учаске жұмыс істейді.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіліміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 561 644 азамат енгізілген.
Сайлауда 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.
Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауынан кейін не болады
Бюллетеньдегі партиялардың кезектілігі жеребе арқылы айқындалған:
1. «Әділет» – 186 кандидат;
2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 33 кандидат;
3. «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы – 47 кандидат;
4. Қазақстан халық партиясы – 72 кандидат;
5. «Ауыл» партиясы – 69 кандидат;
6. Қазақстан Демократиялық «Ақ жол» партиясы – 63 кандидат;
7. «Respublica» партиясы – 75 кандидат;
Сайлаушылар үшін «Бәріне қарсымын» деген жеке таңдау нұсқасы да қарастырылған.
Кандидаттардың арасында – 172 әйел және 373 ер адам, мүгедектігі бар 19 кандидат және 35 жасқа толмаған 74 кандидат бар; орташа жасы – 45,4 жас.
Сайлауды өткізуге үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026