Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бектенов креслосын сақтап қала ма: келесі премьер кім болады

kz.kursiv.media

Бектенов креслосын сақтап қала ма: келесі премьер кім болады

Олжас Бектеновтің үкіметі жұмысын доғарып, жаңа үкімет тағайындалады. Әдетте, парламент сайлауынан кейін жеңген партия портфель бөліседі.

Exit-poll нәтижесі бойынша 70,7% пайыз алған билік партиясы – «Әділеттің» жеңісіне шүбә жоқ. Сондықтан үкіметтің отставкасы мен қайта тағайындалуы қағаз жүзінде ғана іске асуы ғажап емес. Күні кеше Арменияда отставкаға кеткен үкіметтің тізгінін ұстағандар бірнеше сағаттан кейін қайта бұрынғы орын-тағына түгел жайғасты.

Сондықтан жаңа үкімет ескі құраммен іске кіріссе, таңырқау орынсыз. Десе де, қазіргі премьер-министр Олжас Бектеновтің үміткерлігіне қатысты қоғамда сауал туындап отыр.

Kursіv. Media бұл жөнінде бірнеше қазақстандық саясаттанушылардың пікірін білді.

Кейбір мамандар премьер-министрдің орын-тағына жаңа адам келуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Соның бірі – саясаттанушы Толғай Үмбетәлиева Оның ойынша, мамандығы заңгер Олжас Бектеновтің үкіметі экономикада үдеден шықпаған.

«Бектенов экономист болмағандықтан, үкіметтің жұмысы нашар болды. Тоқаев жаңа адамдарды әкеліп жатыр. Бізге бұрыннан белгілі емес адамдарды шығаруда. Менің пікірімше, Бектенов премьер-министр болмайды-ау. Өйткені қазір кадрлар жаңарып жатыр. Жаңа тұлғаларды ұсынады», – дейді саясаттанушы.

Толғай Үмбетәлиеваның сөзіне қарағанда, Тоқаев жаңа саяси жүйе туралы жиі айтады, сондықтан Бектеновтің кетуі мүмкін. Бұл орынға жаңа адам келуі ықтимал. Болашақ премьердің кандидатурасына қатысты көп есімдер аталып жатыр. Оның ішінде Қанат Бозымбаев та бар.

«Десе де, біз білмейтін жаңа адам келеді деп топшылаймын. Ол Тоқаевтың қасында жүрген немесе кезінде СІМ-де жұмыс істеген адам болуы ықтимал. Бізге экономиканы жақсы білетін адам керек. Бірақ нақты фамилияны кесіп-пішіп айту қиын», – дейді Үмбетәлиева.

Кейбір мамандар премьер ауысады не қалады деп алдын ала болжам жасау қисынсыз нәрсе деп біледі.Саясаттанушы Серік Белгібаевтың сөзіне қарағанда, бізде мұндай шешім тар шеңберде қабылданады.

«Осы шеңберден тексерілген немесе инсайд ақпаратқа қол жеткізіп отырсаң ғана, сенімді түрде сөйлеуге болады. Онсыз мұндай шешімдер туралы болжам жасаудың мәні жоқ. Әрине, премьердің кетуі, басқа тұлғаның келуі саяси ортаның, БАҚ-тардың сүйікті тақырыбы. Десе де, долбарларға, болжамдарға назар аударудың қажеті жоқ», – дейді саясаттанушы.

Себебі, Серік Белгілбаевтың пікірінше, кез келген әңгіме тек қана топшылау болып қала береді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар