Қазақстанда құрылтай сайлауы басталды
Елде ұлттық парламент – құрылтай сайлауы басталды. Республика бойынша 10 423 сайлау учаскесі, оның ішінде 61 шет мемлекеттегі 79 учаске жұмыс істейді.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіліміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген 12 561 644 азамат енгізілген.
Сайлауда 145 депутаттық мандат үшін жеті партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.
Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауынан кейін не болады
Бюллетеньдегі партиялардың кезектілігі жеребе арқылы айқындалған:
1. «Әділет» – 186 кандидат;
2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 33 кандидат;
3. «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы – 47 кандидат;
4. Қазақстан халық партиясы – 72 кандидат;
5. «Ауыл» партиясы – 69 кандидат;
6. Қазақстан Демократиялық «Ақ жол» партиясы – 63 кандидат;
7. «Respublica» партиясы – 75 кандидат;
Сайлаушылар үшін «Бәріне қарсымын» деген жеке таңдау нұсқасы да қарастырылған.
Кандидаттардың арасында – 172 әйел және 373 ер адам, мүгедектігі бар 19 кандидат және 35 жасқа толмаған 74 кандидат бар; орташа жасы – 45,4 жас.
Сайлауды өткізуге үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026