Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Бұл не масқара?": Тоқаев бір-бірін сүйіп амандасатындарды сынға алды

kz.kursiv.media

Бұл не масқара?: Тоқаев бір-бірін сүйіп амандасатындарды сынға алды

Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай сайлауында дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген брифингте бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасу қазақ мәдениетіне жат қасиет екенін айтты.

Президент бұған бейін баяндамасында азаматтардың жүріс-тұрысының жаңа мәдениеті мен жаңа қоғамдық этика қалыптастыру жөнінде айтқан еді.

Журналистердің бірі президенттен осы бастамаға қатысты сұрақ қойды.

«Бұл іске өзім бастамашы болдым. Науқанға емес, нақты іске. Өйткені жастардың, егде адамдардың жүріс-тұрысына қарап, байырғы дәстүрлі құндылықтарымызға оралу қажет деген шешімге келдім. Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы, сәлемдесу барысында әйелдердің еркектерді, еркектердің әйелдерді бетінен сүюі дұрыс емес. Біздің салт-дәстүрімізде мұндай ешқашан болмаған. Әсіресе, әскери форма кигендердің, генералдардың осылай істегені көзге оғаш көрінеді. Бұл не масқара?», – деді Президент.

Айтуынша, Кеңес Одағы маршалы, Дүниежүзілік соғыста, Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен маршалдар мқндай оғаш қылық көрсетпеген.

«Еркектер қолының ұшын ұстата салмай, қолды қаттырақ қысып амандасуы керек. Сәл жымиса ғана жеткілікті. Әрқашан солай болған. Тіпті, осы адамды көргеніңізге шын мәнінде қуанышты болсаңыз, оң қолыңызды кеудеңізге қойып амандасыңыз. Өмірде мұндай жайт жиі кездеседі», – деді Тоқаев.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар