Құрылтай сайлауы: 6,6 миллионнан астам астам дауыс берді
2026 жылғы Құрылтай сайлауында сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 696 002 сайлаушы бюллетень алып, өз дауысын берді. Бұл туралы Орталық сайлау коммисиясы хабарлады.
Ең көп дауыс берген облыстардың қатарында 64,22 пайыздық көрсеткішпен Қызылорда облысы көш бастап тұр.
Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші келесідей: 1. Астана қаласы бойынша – 40,92%.2. Абай облысы бойынша – 63,07%.3. Ақмола облысы бойынша – 61,15%.4. Ақтөбе облысы бойынша – 60,87%.5. Алматы облысы бойынша – 54,57%.6. Атырау облысы бойынша – 54,49%.7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,21%.8. Жамбыл облысы бойынша – 50,58%.9. Жетісу облысы бойынша – 62,89%.10. Қарағанды облысы бойынша – 62,79%.11. Қостанай облысы бойынша – 55,86%.12. Қызылорда облысы бойынша – 64,22%.13. Маңғыстау облысы бойынша – 50,65%.14. Павлодар облысы бойынша – 54,01%.15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,63%.16. Түркістан облысы бойынша – 57,72%.17. Ұлытау облысы бойынша – 53,31%.18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,10%.19. Алматы қаласы бойынша – 30,36%.20. Шымкент қаласы бойынша – 55,32%.Жалпы еліміз бойынша сағат 14.00-дегі 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12% құрады.
Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16.00-де беріледі.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026