Алматыда тұтас қару-жарақ арсеналы жасырынған орын анықталды
Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орын анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.
Кеше Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дархан шағынауданында, өзен маңынан қару-жарақ жасырылған орынды анықтады.
Оның ішінен тұтас арсенал табылды.
Полиция қызметкерлері газды тапаншалар, граната, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтықтардың кесінділерін тәркіледі.
Барлық тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар табылған қару мен оқ-дәрілердің шығу тегін, кімге тиесілі екенін, сондай-ақ аталған жасырын орынның қашан және қандай жағдайда жасалғанын анықтауы тиіс.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Балқаштан Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026