Шетелдегі 9,6 мыңнан аса қазақстандық Құрылтай сайлауында дауыс берді
Шетелдегі 9 623 қазақстандық Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты, деп хабарлайды Kursiv.media.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 61 елдегі сайлаушылардың келуі 84,4%-ды құрады. Шетелдегі барлық 79 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады.
Алғашқы сайлау учаскелері Сеул мен Токиода жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылды. Ал ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесі жұмысын бастады. Ол Астана уақытымен 19:00-де ашылды.
Еске салайық, Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс беру нәтижелерін алдын ала есептеу бойынша экзитполдардың нәтижелері жарияланды.
Оған сәйкес:
«Әділет» партиясы – 70,7%;
«Ауыл» партиясы – 6,4%;
Respublica – 5,5%;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,4%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,0%;
Қазақстан Халық партиясы – 3,2%;
«Байтақ» жасылдар партиясы – 1,2%;
Бәріне қарсы нұсқасын 2,6% адам белгілеген.
Кеше, 23 тамызда сағат 20:00-де елде құрылтай сайлауы бойынша дауыс беру аяқталды. Елдегі барлық сайлау учаскелері жабылды. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты. Қазақстанда барлығы 10 363 учаске жұмыс істеді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026