Сырдария өзеніне екі ағайынды жігіт батып кетті
22 тамызда түскі екілер шамасында Сырдария өзеніне екі ағайынды жігіт Сейдан Жәлімбет Темірәліұлы мен Сейдан Жанболат Темірәліұлы батып кетті.
Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіне марқұмдардың досы жазба қалдырды.
«Сейдан Жәлімбет Темірәліұлы мен Сейдан Жанболат Темірәліұлы кеше түскі сағат 2лерде Сырдария өзені ағысымен суға батып кетті. Құзырлы мекемелер, Түркістан облысының төтенше жағдай басқармасы қосымша көмек жіберіп, водолаздар мен қайықтар яғни техника жіберіп, жұмыла кірісулеріңізді сұраймыз!», – деп жазды ол.
Әзірге оқиғаға қатысты толық ақпарат жоқ.
Бұған дейін 17 шілдеде осшыдағы демалыс орнындағы бассейнде алты жасар бала суға батып кетті.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026