Jetour үш жаңа моделін таныстырды
Chengdu-2026 автосалонында Jetour үш жаңа көлігін көрсетті. Көліктер жаппай өндіріске рұқсат алған. Нарыққа шығуға әзір.
Қытай көліктерінің мәліметінше, олар – брендтің алғашқы электрлі кроссовері TX (Tourer), рамалы G700 Moab Edition жол талғамайтыны және жаңартылған Traveller 7 (T2).
Бұл – брендтің алғашқы электрлі кроссовері. Артқы немесе толық жетекті нұсқада ұсынылады. Қуаты 272 және 374 а.к. 67,2 кВт·сағ. Батареясы бір қуаттаса, 550 шақырымды бағындыра алады. Максималды жылдамдығы – 180 км/сағ. Көлікте 6 қауіпсіздік жастығы, Falcon Pilot 500 жүргізуші көмекшілері және Qualcomm Snapdragon 8155 чипі бар.
Жол талғамайтын көліктің арнайы нұсқасы. Ол күшейтілген табалдырықтарымен, кеңейтілген аркаларымен, төбедегі экспедициялық жүксалғышымен және жолсыз жерге арналған 20 дюймдік шиналарымен ерекшеленеді. Гибридті жүйесінің қуаты – 904 а.к., айналу моменті – 1135 Нм. Электр қуатымен 100 шақырымға дейін, ал гибридті режимде 900 шақырымға дейін жүре алады.
Қазақстандықтарға етене таныс Jetour T2 моделінің жаңартылған нұсқасы. Көлік жаңа оптика, радиатор торы және бамперлер алды. Бензинді нұсқасы 254 а.к. 2 литрлік турбомотормен, ал C-DM гибриді 782 а.к. жүйемен жабдықталады. Гибридтің электрмен жүретін қоры – 245 шақырым, жалпы жүріс қоры – 1400 км-ге дейін (CLTC).
Айта кететін жайтғ осы қытайлық Jetour бренді Қазақстан нарығында бірнеше автокөлігінің бағасын арзандатты.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026