Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құрылтай сайлауы күні Қазақстанда 657 сәби дүниеге келді

kz.kursiv.media

Құрылтай сайлауы күні Қазақстанда 657 сәби дүниеге келді

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 600-ден аса сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 тамызда 318 ұл мен 339 қыз бала өмір есігін ашқан.

«Нәрестелердің ең көбі Алматыда – 60, Түркістан облысында – 54, Шымкентте – 51 сәби тіркелді. Ел бойынша бір егіздер дүниеге келді», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, акушерлік ұйымдардың мамандары тәулік бойы, демалыс және мереке күндері де жүкті әйелдер мен аналарға медициналық көмек көрсетеді. Олар ана мен сәбидің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«657 қазақстандық отбасы үшін бұл күн ел өміріндегі маңызды саяси оқиғамен ғана емес, жаңа адамның дүниеге келуімен де мәңгі есте қалатыны сөзсіз. Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды сәбилерінің дүниеге келуімен құттықтап, аналар мен балаларға зор денсаулық, отбасыларына амандық-береке және бақытты болашақ тілейді!», – деп қорытындылады министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, дәл осы күні Астанада 25 сәби дүниеге келді. Сәбилердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар