Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бағасы 14,6 млн теңгеден басталады: Haval H9-дың жол талғамайтын нұсқасы шықты

kz.kursiv.media

Бағасы 14,6 млн теңгеден басталады: Haval H9-дың жол талғамайтын нұсқасы шықты

Haval H9 жаңа жол талғамайтын нұсқамен толықты. Қытайда сатылымға шыққан Power Soul Edition кәдімгі H9-дан арнайы офроуд жабдықтарымен ерекшеленеді. Жаңа нұсқаның бағасы 214,9 мың юаньнан басталады.

Power Soul Edition нұсқасының басты ерекшелігі – жол талғамайтын жерлерге арналған жабдықтарының кеңейтілуі. Автокөлік TOD толық жетекті жүйесімен, Mlock механикалық блокировкасымен және алдыңғы әрі артқы ось дифференциалдарын бұғаттау жүйесімен жабдықталған.

Мәлімделген клиренсі 226 мм, көтерілу бұрышы – 32 градус, түсу бұрышы – 26 градус. Автокөлік 800 мм тереңдіктегі су бөгетінен өте алады. Сонымен қатар зауыттан шыққан нұсқаға шноркель орнатылып, салмағы 2,5 тоннаға дейінгі тіркемені сүйреу мүмкіндігі қарастырылған.

Көлікке екі қозғалтқыш ұсынылады: 8 сатылы автоматпен жұптасқан 2 литрлік бензинді турбомотор және 9 сатылы автоматпен жұмыс істейтін 2,4 литрлік дизельді қозғалтқыш.

Қазақстанда Haval H9 әзірге басқа жинақтамада ұсынылады. Ресми дилерлерде модель 218 ат күшін және 380 Нм айналу моментін беретін 2 литрлік бензинді турбомотормен сатылады. Қозғалтқыш 8 сатылы автоматпен және TOD толық жетекті жүйесімен жұмыс істейді.

2026 жылғы Haval H9 көлігінің Premium жинақтамасының бағасы 23,2 млн теңгеден басталады. Ең жоғары бағасы – 23,7 млн теңге.

Қытай нарығындағы Power Soul Edition нұсқасы H9-ға тән таныс төртбұрышты дизайнды сақтаған. Алайда көлікке жол талғамайтын жағдайларға арналған қосымша элементтер қосылған. Олардың қатарында төбедегі экспедициялық жүксалғыш, бүйірдегі баспалдақ және шноркель бар.

Салонда 15,6 дюймдік орталық экран және 10,25 дюймдік цифрлық аспаптар панелі орнатылған. Сонымен қатар бұл нұсқа үшін интерьерді әрлеудің қосымша түрлері ұсынылады. Дегенмен Power Soul Edition нұсқасының басты ерекшелігі экранда немесе салон дизайнында емес, зауыттан жолсыз жерлерде жүруге арнайы дайындалуында. Яғни көлік сатып алғаннан кейін қосымша жабдықталмайды, барлық қажетті офроуд жабдықтары зауытта бірден орнатылады.

Еске салайық, қытайлық Haval Raptor кроссовері Қазақстанда көлік құралының типін мақұлдау құжатын алды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар