150 мың жалған SMS таратқан топ әшкереленді: төрт күдікті қамауға алынды
Азаматтардың жеке деректері мен банк шоттарындағы қаражатын жымқыру үшін жалған SMS-хабарламаларды жаппай таратқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Тергеу мәліметінше, биыл қаңтарда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінің азаматы Қазақстанда заңсыз әрекет жасау үшін жергілікті тұрғынды ақшаға жалдаған. Кейін қылмыстық схемаға Астанада арнайы жабдықтың жұмысын қамтамасыз еткен басқа адамдар қосылған.
Күдіктілер SMS-бластер деп аталатын құрылғыны пайдаланған. Ол ұялы байланыс станциясы сияқты жұмыс істеп, операторлардың қорғаныс жүйесін айналып өтуге және SMS-хабарламаларды жаппай жіберуге мүмкіндік береді. Осы құрылғы арқылы төрт күн ішінде Beeline, Kcell және Activ абоненттеріне белгілі компаниялардың атынан бонустарды айырбастау туралы ұсыныс жазылған шамамен 150 мың фишингтік SMS жіберілген.
Хабарламадағы сілтемеге өткен азаматтар жалған сайтқа кіреді. Онда олардан жеке және банк деректерін, соның ішінде төлем картасының нөмірі, CVV-код және SMS арқылы келген растау кодын енгізу талап етілген.
Осылайша күдіктілер азаматтардың құпия деректері мен банк шоттарындағы қаражатына қол жеткізген. Тергеу кезінде тәркіленген SMS-бластер ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құрал екені анықталды.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 399-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір төрт күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Астана көш басында: Қазақстанда интернет-алаяқтық 7 жылда 55 есеге өсті
- Соңғы
- Тамыз, 24
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 тамыз 2026