Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

QR дәуірі: 7,1 трлн теңгенің 60 пайызы смартфон арқылы төленген

kz.kursiv.media

QR дәуірі: 7,1 трлн теңгенің 60 пайызы смартфон арқылы төленген

Қазақстандықтардың күнделікті төлем әдеті түбегейлі өзгерді. Бұрын әмиянға салып жүретін пластик карта мен қағаз ақшаның орнын енді смартфондағы QR-код басты.

Ұлттық банктің 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығына жасаған шолуы осыны айқын дәлелдейді.

Жыл басынан бері ел тұрғындары 92,1 триллион теңгеге 7,1 миллиард рет қолма-қол ақшасыз төлем жасаған.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Ал банкоматтан ақша шешіп алатындардың қатары, керісінше, 5,8 пайызға азайды.

Енді елдегі барлық қолма қол ақшасыз төлемдердің 90 пайызы интернет, мобильді қосымшалар мен QR арқылы өтеді. Тұрғындар күн сайын орта есеппен 509 миллиард теңгенің 39 миллионнан астам транзакциясын орындайды.

Бүгінде елдегі ең басты тренд – QR-төлем. Жарты жыл ішінде QR арқылы жасалған төлемдер POS-терминалдағы әдеттегі карталардың көрсеткішін шаң қаптырды.

Смартфон арқылы төлеу операциялар саны бойынша 38 пайызға, ал ақша көлемі жағынан 13 пайызға озып кетті. Әрбір қазақстандық күн сайын QR-кодпен 57,3 миллиард теңгеге 11 миллион төлем жасайды.

Ал шілде айында іске қосылған бірыңғай банкаралық жүйе бұл процесті одан әрі жеңілдетті.

Енді азаматтар қай банк қосымшасын қолданса ла, телефон нөмірі немесе ортақ QR арқылы ақша аударып, тауарға төлем жасай алады. Нәтижесі жаман емес: жаңа жүйе алғашқы айдың өзінде 210 миллиард теңгенің 8 миллионнан астам операциясын сәтті өңдеді.

Бүгінде әр қазақстандыққа орта есеппен төрт банктік картадан келеді. Алайда олардың жартысы ғана белсенді әрі бұл карталардың көбі қазір виртуалды форматқа ауысқан.

Ұлттық банктің түсіндіруінше, сатып алушылар үшін бұл қызмет толықтай тегін болса, кәсіпкерлер үшін маңызды заңнамалық жеңілдік қарастырылған. Бірыңғай QR арқылы өтетін банкаралық комиссия мөлшерлемесі картамен төлеу комиссиясынан жоғары болмайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар