Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

25 тамыздан бастап самокаттарға арналған жаңа ереже күшіне енеді

kz.kursiv.media

25 тамыздан бастап самокаттарға арналған жаңа ереже күшіне енеді

25 тамыздан бастап Қазақстанда электросамокат жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейді. Енді электрлі самокатпен тротуар мен жаяу жүргіншілер жолында жүруге болмайды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті ескертеді.

Ал жолдың жүріс бөлігіне тек 18 жастан асқан, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және қорғаныш шлемін киген азаматтар ғана шыға алады. Қараңғы уақытта самокат жүргізушілері жарық қайтарғыш элементтерді пайдалануы тиіс.

Жаңа талап бойынша электросамокатпен жолаушы немесе жүк тасымалдауға да тыйым салынады. Ал жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде жүргізуші самокаттан түсіп, оны жаяу жетектеуі керек.

Бұдан бөлек, жалға берілетін электросамокаттарға да жаңа талаптар қойылды. Олар тіркеу нөмірімен және сақтандырумен жабдықталуы тиіс. Ал кикшеринг компаниялары самокаттардың техникалық жағдайын, жылдамдығын және орналасқан жерін бақылауға міндеттеледі.

Жаңа ережелер электросамокаттарды пайдалану кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Сергек» камералары жол ережесін бұзған самокатшыларды анықтайды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар