Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биылғы жылыту маусымына дайын емес өңірлер белгілі болды

kz.kursiv.media

Биылғы жылыту маусымына дайын емес өңірлер белгілі болды

Бірқатар өңірде жылыту желісін жөндеу мерзімдерінің кешігу қаупі бар. Мәселен, осындай тәуекелдер Көкшетау, Теміртау, Жезқазған қалаларында орын алып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Прмеьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Айтуынша, жылыту маусымының басталуына шамамен бір ай уақыт қалды. Солтүстік өңірлерде дайындық жұмыстарын аяқтау мерзімі бұдан да шектеулі. Сондықтан жөндеу науқанын уақытылы аяқтау үшін жұмыс қарқынын арттыру қажет.

«Бірнеше өңірде жөндеу мерзімдерінің кешігу қаупі бар. Мұндай тәуекелдер Көкшетау, Теміртау, Жезқазған қалаларында орын алып отыр. Сондай-ақ Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жылу желілерін жөндеу баяу жүріп жатыр.

Энергетика нысандарын қысқы кезеңге дайындауға жауапты өңірлік штабтардың жұмысына назар аударамын. Жылыту маусымына дайындық барысына бұлай салғырт қарауға болмайды», – деді Бектенов.

Сонымен бірге премьер-министр биылдың өзінде энергия нысандарын жөндеуге және жаңғыртуға 851 млрд теңге көзделгеннін атап өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға артық.

Бұған дейін Олжас Бектенов 1 қыркүйекке дейін отын қорын әзірлеуге тапсырма берген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар