Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында турист аюды видеоға түсіріп алды

kz.kursiv.media

Түркістан облысында турист аюды видеоға түсіріп алды

Түркістан облысына қарасты Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристердің бірі аюды дронның камерасына түсіріп алған, деп хабарлайды Kursiv.Media Qazaq Ormany-на сілтеме жасап.

Сайрам-Өгем ұлттық паркі – өсімдіктер мен жануарлар әлеміне өте бай, мемлекет қамқорлығына алынған қорғалатын аумақ. Мұнда сирек кездесетін жануарлар, оның ішінде Тянь-Шань қоңыр аюы да мекендейді. Мамандардың айтуынша, жабайы аңды өз мекенінде, табиғи ортада кездестіру – туристер үшін үлкен олжа әрі ерекше әсер сыйлайтын сәт. Алайда, мұндай кездесулер адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті болуы да мүмкін екенін естен шығармау маңызды.

A post shared by Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)

Осы оқиғаға байланысты табиғат қорғаушылары туристерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды тағы да ескертеді. Ұлттық парк аумағы – ең алдымен, жабайы жануарлардың төл мекені. Сондықтан таулы аймақтарда серуендеу барысында мынадай ережелерді бұлжытпай орындау қажет:

Жануарды көрген жағдайда дүрбелеңге салынбай, оған жақындамау керек. Аңның соңынан еріп суретке түсіруге тырысу, қорқыту немесе назарын әдейі аударуға әрекеттену өте қауіпті.

Жабайы жануарларға тамақ қалдыруға немесе қолдан тамақтандыруға қатаң тыйым салынады. Бұл олардың табиғи инстинктіне кері әсер етіп, адамға деген қорқынышын жояды. Туристер тек рұқсат етілген, арнайы белгіленген соқпақтармен ғана қозғалуы тиіс.

Бұған дейін, Өскеменде қалаға жақын жүрген аюды дрондардың көмегімен іздестірген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар