Қазақстандықтар биыл қанша күн еңбек демалысына шыға алады
Қазақстанда қызметкерлер жылына орта есеппен 26,4 күн еңбек демалысына шығады. Бұл заңда белгіленген 24 күндік ең төменгі мерзімнен жоғары. 2025 жылғы дерекке сәйкес, демалыс ұзақтығы жұмыс істейтін салаға қарай айтарлықтай өзгереді, ең ұзақ демалыс білім беру қызметкерлеріне тиесілі болса, кейбір салаларда көрсеткіш 11 күнге де жетпейді.
Finprom.kz мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда бір жалдамалы қызметкерге орта есеппен мереке және демалыс күндерін есептемегенде 26,4 демалыс күні тиесілі болған. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде айтарлықтай өзгермеген, 2024 жылы орташа көрсеткіш 26,5 күн болған.
Орташа көрсеткіштің заңда белгіленген ең төменгі мөлшерден жоғары болуы статистикада қосымша еңбек демалыстарының да есепке алынуымен байланысты. Мысалы, мұндай демалыстар еңбек жағдайы зиянды жұмыс орындарында істейтін қызметкерлерге беріледі. 2025 жылы бұл жеңілдікті 559,1 мың адам пайдаланған.
Ең көп демалыс күні білім беру саласының қызметкерлеріне тиесілі – орта есеппен 35,5 күн. Қазақстанда педагогтерге ұзақтығы 56 күнтізбелік күн болатын ұзартылған еңбек демалысы беріледі.
Басқа салалар бойынша көрсеткіштер мынадай:
Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелген – бір қызметкерге орта есеппен 37,5 күн демалыс тиесілі. Одан кейін Түркістан облысы – 32,3 күн, Абай облысы – 32,2 күн және Шығыс Қазақстан облысы – 31,7 күн көрсеткіштерімен орналасқан.
Ал еңбек демалысының ең аз күндері Алматы қаласындағы қызметкерлерге – 20,6 күн, Астана қаласындағыларға – 20,8 күн тиесілі болған. Өңірлер арасындағы айырмашылық 17 күнге жуық.
Ең ұзақ ең төменгі еңбек демалысы Түрікменстанда – 30 күнтізбелік күн. Қырғызстанда жұмысшыларға 28 күн, Қазақстан мен Тәжікстанда 24 күннен, ал Өзбекстанда 21 күн беріледі.
Демалыс ақысының есептелу тәртібі де елдерге қарай ерекшеленеді:
Resume.io деректеріне сәйкес, әлем бойынша ақы төленетін ең төменгі еңбек демалысының орташа ұзақтығы 18,2 күнді құрайды. Ең жоғары көрсеткіш 30 күн, ол әлемнің 22 елінде белгіленген.
Еске сала кетейік, осыған дейін hh.kz платформасы Қазақстандағы 822 жұмыс іздеуші мен жұмыс беруші арасында сауалнама жүргізген еді. Оның нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың жартысына жуығы жазда толық демала алмаған, ал әрбір екінші адамның жұмыс жүктемесі артқан. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 55%-ы күзде табысын арттырғысы келетінін айтқан.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
25 тамыз 2026