Жаңа Зеландия жасөспірімдерге әлеуметтік желі қолдануға шектеу қоймақ
Жаңа Зеландия үкіметі жасөспірімдерге әлеуметтік желі қолдануға тыйым салмақ. Қазір осындай заң жобасын ұсынып жатыр деп жазады Reuters.
Құжат қабылданса, әлеуметтік желі платформалары қолданушылардың жасын тексеруге міндетті болады. Ол үшін TikTok немесе Meta адамның жасын бет-әлпеті арқылы бағалайтын технологияларды немесе цифрлық құжаттар арқылы аккаунтты тексеріп шығуы керек. алады. Сондай-ақ платформалар жасөспірімдерге қандау қауіп төнуі мүмкін екенін бағалап, оны азайту үшін шаралар қабылдап, соңында Жаңа Зеландия үкіметіне есеп беріп отыруы керек.
Шектеу TikTok, Instagram, Snapchat және Facebook сияқты платформаларға қатысты болуы мүмкін. Алайда балалар үшін «жоғары тәуекелді» деп саналатын платформалардың нақты тізімі әзірге белгіленген жоқ.
Бұл талаптарды орындамаған жағдайда әлеуметтік желі компанияларына айыппұл салынады. Балалардың өзіне, ата-анасына немесе қамқоршыларына жаза қарастырылмаған.
Жаңа Зеландия премьер-министрі Кристофер Лаксонның айтуынша, әлеуметтік желілер балаларды зиянды контентке, тәуелділікке әкелетін технологияларға және олар дайын емес қысымға ұшыратып отыр. Үкімет дерегінше, Жаңа Зеландияда 13-17 жастағы әрбір үшінші жас әлеуметтік желіде күніне кемінде бес сағат өткізеді.
Алайда заң жобасының қабылдануы әзірге белгісіз. Оған биліктегі кей партиялар қарсы. Олар әлеуметтік желіге тыйым салудан жаңа мәселелер туындауы мүмкін деп есептейді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
25 тамыз 2026