Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2027 жылы республикалық бюджет шығыны 30,2 трлн теңге көлемінде болады

kz.kursiv.media

2027 жылы республикалық бюджет шығыны 30,2 трлн теңге көлемінде болады

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының негізгі параметрлеріне тоқталды. Айтуынша, 2027 жылы түсімдер 25,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 12,9% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 2,3% деңгейінде болады деп жоспарланған. Шығыстардың жалпы көлемі биылғы жоспармен салыстырғанда 2,5 трлн теңгеге ұлғаяды.

«Ұлттық қордан аударылатын кепілдендірілген трансферт 2,4 трлн теңгені құрайды. Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт – 2 трлн теңге, бұл қаражат негізінен аса маңызды нысандар мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларға жұмсалатын болады», – деді Мәди Такиев.

Сонымен бірге 2027 жылы 14,4 трлн теңгеден астам қаржы әлеуметтік салаға және экономиканың нақты секторына бағытталады.

Әлеуметтік саланы қаржыландыруға 10,5 трлн теңге немесе бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 34,9%-ы көзделген. Алушылар санының өзгеруін және халықты қолдауға жұмсалатын әлеуметтік төлемдерді индекстеуді ескере отырып, қосымша 739 млрд теңге бөлінді.

«Экономиканың нақты секторын қолдауға арналған бюджет шығыстары 3,8 трлн теңгені құрайды, бұл – шығыстардың жалпы көлемінің 12,9%-ы, әрі осы жылдың деңгейінен 507 млрд теңгеге артық. Ұлғаю, ең алдымен, ел экономикасы үшін жүйелі маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырумен байланысты. Жалпы ЖАО-лардың даму бюджетін қоса алғанда, нақты секторды қолдауға жұмсалатын шығыстар шамамен 7 трлн теңгені құрайды», – деп атап өтті Мәди Такиев.

Бұған дейін үкіметте 2027-2029 жылдары ел экономикасын ауыл шаруашылығы алға сүйрейтінін айтылды. Яғни, Үкімет алдағы үш жылда агроөнеркәсіп саласына басымдық беруді жоспарлап отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар