Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО-да туған қызын алты жасынан зорлап келген әке ұсталды

kz.kursiv.media

ШҚО-да туған қызын алты жасынан зорлап келген әке ұсталды

ШҚО-да әкесі өз қызына бірнеше жыл бойы жыныстық зорлық көрсетті деген күдікке ілініп отыр.

Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, Риддер қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық ісі бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қазір жасы 14-тер шамасындағы қыз бала алты жасынан бастап өз әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап келген.

Күдіктіні шілде айының басында полиция қызметкерлері жұмыс орнында ұстады.

ШҚО ПД ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі – «Кәмелетке толмаған адамды зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Істің мән-жайын анықтау үшін сот сараптамалары тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін полиция істің басқа мәліметтерін жария етпейді.

Айта кететін жайт, Ақтөбе облысында көршісінен зорлық көрген 15 жастағы оқушы буллингке ұшыраған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар