Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Инфляциямен күресте Үкімет пен Ұлттық банктің қадамы неге қабыспай тұр

kz.kursiv.media

Инфляциямен күресте Үкімет пен Ұлттық банктің қадамы неге қабыспай тұр

Елдегі инфляцияны төмендету үшін Ұлттық банк экономикадағы артық ақшаны «жоюға» тырысып жатыр. Ал Үкімет алдағы үш жылда бюджет пен инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру үшін Ұлттық қордан қосымша қомақты қаржы алуды көздейді.

Реттеуші экономикадағы артық ақшаны алу үшін биыл шамамен 8 трлн теңгені «жоюды» жоспарлап отыр. Бас банкир Тимур Сүлейменов бұл туралы Үкімет отырысында хабарлады. Бұл межеге жетудің негізгі екі жолы бар.

Бұл шаралардың басты мақсаты – нарықтағы ақша массасын азайтып, инфляцияны төмендету.

Ұлттық банк ақшаны шектеп жатқанда, Үкімет Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерді алдағы үш жылда 5 трлн теңгеге арттыруға мәжбүр.

Бұған дейін, 2024 жылы қордан 5,6 трлн теңге, ал 2025 жылы 5,3 трлн теңге алынған еді. Алайда Ұлтты қордағы қаржы орталана бастаған соң, үкімет 2026 жылы қордан алынатын қаржыны 2,7 трлн теңгеге дейін қысқартқан еді.

Бірақ бюджет шығыстарының жыл сайын өсуі бұл шектеуді ұзаққа создырмады. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымды салуға Ұлттық қордан бөлінетін ақшаны көбейтуді тапсырды. Үкімет енді осы тапсырманы орындап жатыр.

Сарапшылар Үкімет пен Ұлттық банктің бұл қарама-қайшы әрекеттерін соңғы төрт жылдан бері сынап келеді. Halyk Finance басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірханов үкіметтің салық саясаты мен Ұлттық банктің ақша-несие саясаты мүлдем үйлеспейтін айтқан. Ал бұл – Қазақстандағы жоғары және тұрақсыз инфляцияның негізгі себебінің бірі.

Өйткені Ұлттық банк ақша саясатын қатайтып, нарықтан теңгені «жойып» жатса, екінші жағы Үкімет Ұлттық қордан миллиардтап ақша құйып, инфляциялық қысымды арттырады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар