Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытай зауыттарында 2 миллионнан астам робот жұмыс істейді

kz.kursiv.media

Қытай зауыттарында 2 миллионнан астам робот жұмыс істейді

Қытай зауыттарында 2 миллионнан астам робот жұмыс істейді. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.

ВВС ақпаратына қарағанда, бұл елде роботтандыру қарқынды түрде жалғасып жатыр. Қазір әлемдегі өнеркәсіптік роботтардың жартысынан астамы Қытайда өндіріледі.

Мұндай ауқымды автоматтандыру Қытайдың өндірісіне, экономикасына және еңбек нарығына үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін. Әсіресе миллиондаған жұмысшының болашағы өзекті мәселе болып отыр.

BBC түсірілім тобы Қытайдағы зауыттарды аралап, дәнекерлейтін, бояйтын, ауыр заттарды көтеретін, құрастыратын және тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істейтін роботтарды көрген. Кейбір роботтар тіпті жаңа роботтарды жасауға арналған.

Сонымен қатар Қытайда адамдарды роботтармен қатар жұмыс істеуге дайындайтын арнайы академиялар ашылған.

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин оларды «жаңа өндіргіш күштер» деп атап отыр.

Айта кететін жайт, Қытай Қазақстанға адам тәріздес робот шығаруға көмектеспек.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар