Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түнгі клубтағы төбелес кезінде екі адам пышақталды

kz.kursiv.media

Түнгі клубтағы төбелес кезінде екі адам пышақталды

23 тамыз күні таңғы сағат 5:00 шамасында Петропавлдағы «5/15» түнгі клубында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан.

Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, төбелес кезінде екі адам пышақ жарақатын алған.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, полиция екі қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабарланғандай, жанжалға қатысушылардың бірі – 33 жастағы ер адам. Ол бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

2017 жылы пышақ қолданылған төбелеске байланысты сотталған. Ал 2023 жылы полиция қызметкерлерімен жанжалдан кейін қайтадан сот алдында жауап берген.

Айта кететін жайт, Алматыда автобуста төбелес болып, ерегіс кезінде жанжалдасушылардың бірі қарсыласына пышақ ала жүгірген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар