Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қостанайда үш қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты

kz.kursiv.media

Қостанайда үш қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты

Қостанай қаласында Әл-Фараби даңғылының бойында үш қабатты әкімшілік ғимараттың жанында өрт шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың маңында басталып, кейін оның қаптамасына, үшінші қабаттағы кабинетке және шатырына тараған. Сонымен қатар ғимараттың қасында тұрған екі жеңіл автокөлікті шарпыған.

«Өрттің аумағы нақтылануда. Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері екінші қабатта болған әйелді құтқарды. Арнайы құтқару капюшонының көмегімен әйел ғимараттан шығарылып, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды», – делінген 112.kz ақпаратында.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. ТЖД күштері мен құралдары шақырудың №2 жоғарылатылған дәрежесі бойынша жұмыс жүргізуде.

Айта кететін жайт, Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 127 адам эвакуацияланды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар