1 қыркүйектен бастап алғашқы әскери дайындық пәні жаңартылған бағдарламамен өтеді
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде алғашқы әскери дайындық пәні жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылады.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Астанада өткен республикалық секцияда пәннің жаңа мазмұны, оқытудың заманауи әдістері мен педагогтердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар таныстырылды. Оған Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген әдіскерлер мен АӘД пәнінің оқытушылары қатысты.
Мұндай жаңашылдықтар әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіруге бағытталған. Олар 2025 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге негізделген.
«1 қыркүйектен бастап пән «Алғашқы әскери дайындық» атауын қайта иеленіп, оқыту форматы түбегейлі өзгереді. Бұл өзгерістер пәннің мазмұнына және педагогтерді даярлау тәсілдеріне де қатысты. Енді оқытушылардың біліктілігін арттыру әскери оқу орындарында ұйымдастырылады, – деді Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары майор Людмила Перякина.
Іс-шара барысында әдіскерлер, PhD докторлары мен профессорлар алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырудың және әскери-патриоттық тәрбиенің заманауи тәсілдерімен бөлісті.
Қазақстанда мерзімді әскери қызметін өтеген 1 745 азамат мемлекеттік білім беру гранттарына ие болып отыр.
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Тамыз, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 тамыз 2026