Қазақстандық қақпашы «Сабахпен» бірге Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжанның «Сабах» клубымен бірге тарихи жетістікке жетіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы стадионда өткен плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Сабах» Израильдің «Хапоэль» (Беэр-Шева) клубын 5:2 есебімен тас-талқан етті. Алғашқы кездесуде 1:2 есебімен ұтылған әзербайжандық ұжым екі ойынның қорытындысы бойынша (6:4) қарсыласынан басым түсті. Покатилов алаңға капитан ретінде шығып, ойынды толық өткізді.
Кездесу қазақстандық голкипер үшін сәтсіз басталды. 10-минутта Покатиловтың қателігінен кейін Игор Златанович есеп ашты. Дегенмен, 38-минутта Кристиан Нвачукву таразы басын теңестірді.
Екінші таймның басында «Хапоэль» қайтадан алға шықты — Гай Мизрахи Покатиловтың кезекті қателігін тиімді пайдаланып кетті. Осыған қарамастан, «Сабах» мінез көрсетті:
74-минут: Умарали Рахмоналиев есепті теңестірді (2:2). 90+-минут: Теллур Муталлимов соққан гол ойынды қосымша уақытқа ұластырды.
Экстра таймның 100-минутында Джибриль Диоп алаңнан қуылып, «Хапоэль» бір ойыншыға кем қалды. 101-минутта Орфе Мбина алаң иелерін алға шығарды (4:2). 115-минут: Джой-Ленс Микелс матчтың нүктесін қойды (5:2).
Қыста Қазақстан чемпионатына оралудан бас тартып, жазда «Сабахпен» келісімшартын ұзартқан Стас Покатилов үшін бұл — үлкен белес. Енді отандық қақпашы әзербайжандық клубпен бірге Еуропаның ең беделді клубтық турнирінде бақ сынайды.
- Соңғы
-
-
-
-
- Тамыз, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 тамыз 2026