Apple әлемдегі ең қуатты Mac компьютерін таныстырды
Apple компаниясы жаңа Mac mini және Mac Studio компьютерлерін таныстырды. Жаңа құрылғылардың басты ерекшелігі – өнімділігі артқан M6, M5 Pro, M5 Max және M5 Ultra чиптері. Компанияның мәліметінше, жаңа процессорлар жасанды интеллектпен жұмыс істеу мүмкіндігін күшейтеді.
Жаңартылған Mac mini M6 және M5 Pro чиптерімен шығарылады. M6 процессоры бар нұсқада жасанды интеллектке қатысты тапсырмаларды орындау жылдамдығы төрт есеге дейін артқан. Графика мен деректерді сақтау жылдамдығы екі есеге, ал негізгі процессордың өнімділігі 40%-ға өскен.
Mac mini-дің M6 чипі бар нұсқасы 899 доллардан басталады. Ал M5 Pro процессорымен жабдықталған модельдің бастапқы бағасы – 1699 доллар
Mac Studio болса M5 Max және жаңа M5 Ultra чиптерімен ұсынылады. Apple бұл модельді кәсіби жұмыстарға арналған ең қуатты Mac компьютері ретінде таныстырды. Оның жасанды интеллект тапсырмаларындағы өнімділігі 4,3 есеге дейін, деректерді сақтау жылдамдығы екі есеге, графикалық өнімділігі 1,8 есеге артқан. Процессордың жылдамдығы 1,3 есеге өскен.
Mac Studio-ның M5 Max чипі бар нұсқасы 2499 доллардан, ал M5 Ultra чипі бар моделі 5499 доллардан басталады.
Apple жаңа компьютерлерді дизайнерлерге, бағдарламашыларға, деректерді талдайтын мамандарға және жасанды интеллектпен жұмыс істейтін пайдаланушыларға бағыттап отыр.
Жаңа Mac mini мен Mac Studio-ға алдын ала тапсырыс 25 тамызда басталған. Ал компьютерлер 22 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.
фото: iPhone 18 Pro-да не өзгереді: жаңа смартфон туралы негізгі болжамдар
- Соңғы
-
-
-
-
- Тамыз, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 тамыз 2026