Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Танысының көлігін заңсыз сатып жіберген күдікті ұсталды

kz.otyrar.kz

Танысының көлігін заңсыз сатып жіберген күдікті ұсталды

Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша 29 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Анықталғандай, күдікті бұрыннан таныс азаматының сеніміне кіріп, оған тиесілі ақ түсті Toyota Camry автокөлігін суретке түсірген. Кейін бұл фотосуреттерді пайдаланып, автокөлікті өзге танысына сатылымға ұсынып, арзан бағаға өткізген. Алайда көлік өзіне тиесілі емес екенін және оны сатуға ешқандай құқығы жоқ екенін сатып алушыдан жасырған.

Осының салдарынан көлік иесіне 11 миллион 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарды көлік құралын үшінші тұлғаларға берер алдында барлық мәмілені заң талаптарына сай рәсімдеуге шақырады. Тіпті таныс адамдармен арадағы келісімнің өзі құжат жүзінде бекітілуі тиіс. Сенімге негізделген ауызша келісімдер алаяқтардың құрбаны болуға себеп болуы мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар