Бензин сапасына күдік: Қазақстанда АИ-95 пен АИ-98 тексеріле бастады
Қазақстанда АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына қатысты шағымдар көбейген. Кей жүргізушілер жанармай құйғаннан кейін көлігінде ақау пайда болғанын айтып отыр. Осыған байланысты Энергетика министрлігі Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасын тексеруге кірісті.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, бір күн бұрын Павлодарға вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев пен Техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары жіберілген. Олар зауытты тексеріп, АИ-95 пен АИ-98 бензинінен сынама алады.
Әзірге мәселенің нақты неден шыққаны белгісіз. Жанармай құю желілері күдікті зауытқа бағыттаса, мұнай өңдеу зауыты мәселе жанармай бекеттерінде болуы мүмкін екенін алға тартып отыр.
«Барлығын тексеріп, жақын арада нақты қорытынды жасаймыз», – деді министр.
Ақкенженовтің сөзінше, жақын күндері нарыққа бензиннің жаңа партиясы жеткізіледі. Соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан өнім 10–12 күн ішінде келуі тиіс.
Тексеру қорытындысында жүргізушілердің шағымы бензин өндіру технологиясымен байланысты ма, әлде жанармайды сақтау және өткізу кезінде туындады ма – анықталмақ.
- Соңғы
- Тамыз, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 тамыз 2026