Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
Арменияда елдің екінші президенті болған Роберт Кочарян мен оның ұлы Седрак Кочарян ұсталды.Armenpress агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Армения Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті мәлімдеді.25 тамызда Арменияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті Роберт Кочарян мен оның отбасы мүшелеріне тиесілі бірнеше ондаған мекенжайда тінту және басқа да тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.Роберт Кочарян кеңсесінің басшысы Баграт Микоянның айтуынша, 25 тамыз күні таңертең Арменияның екінші президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетке жеткізілген.Сондай-ақ құқық қорғау органдары Роберт Кочарянның ұлдары – Левон мен Седрак Кочаряндардың пәтерлеріне кіргені хабарланды.
Таяуда ғана Никол Пашинян қайтадан Арменияның премьер-министрі болып тағайындалған еді.
- Соңғы
- Тамыз, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 тамыз 2026