Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үкімет 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жоспарын бекітті

kz.kursiv.media

Үкімет 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жоспарын бекітті

Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейін елді цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Құжатқа премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жоспар азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға цифрлық технологияларды кеңінен енгізуді көздейді.

Үкімет 2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға кететін уақытты кемінде 50%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Ол үшін жасанды интеллект, автоматты қол қою және белсенді қызметтер кеңінен қолданылмақ. Яғни азаматтың кейбір мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беріп, мекемеге бару қажеттілігі азаяды.

2029 жылға қарай мектеп, колледж оқушыларының және жоғары оқу орындарын түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ-дің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс. Сонымен қатар 2028 жылға қарай колледждер мен жоғары оқу орындарының кемінде 80%-ында білім беру процесіне ЖИ технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін сервистерді көбейту көзделген.

Медициналық ұйымдар арасында деректерді нақты уақыт режимінде алмасу кеңейіп, дәрігерлердің клиникалық шешім қабылдауында жасанды интеллектіні пайдалану аясы ұлғаяды.

2029 жылға қарай жылу-энергетика кешеніндегі активтердің кемінде 70%-ын цифрлық мониторинг жүйесіне қосу жоспарланған. Бұл жабдықтардың жағдайын нақты уақыт режимінде бақылап, тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Көлік және логистика саласында жүктің қозғалысын шекарадан өткеннен бастап соңғы пунктке дейін бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық жүйелер енгізіледі.

Жүк тасымалдары цифрлық паспортпен және бүкіл маршрут бойынша трекинг жүйесімен қамтамасыз етіледі. Үкімет бұл шаралар өткізу пункттеріндегі уақытты қысқартуға және логистикалық процестерді ашық етуге мүмкіндік береді деп есептейді.

2028 жылға қарай екінші деңгейдегі банктердің кемінде 80%-ын ақпаратпен қауіпсіз алмасудың цифрлық жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Шағын және орта бизнестегі әр кәсіпорынға жеке цифрландыру жол картасын ұсынбақшы. Тәуекелі төмен компанияларға жүргізілетін физикалық тексерулерді азайту да көзделген.

Салық саласында салықтық әкімшілендірудің бір бөлігін автоматтандыру жоспарланған. Бұл салық төлеушінің артық әрекетін азайтып, көлеңкелі экономика көлемін азайтуға бағытталады.

Үкімет 2029 жылға қарай Қазақстанның IT-қызметтері мен цифрлық шешімдер экспортының көлемін кемінде 50%-ға арттыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар робототехника бойынша өңірлік құзырет орталықтарын дамыту және отандық IT-компаниялардың коммерциялық жобаларын қолдау көзделген.

Жоспардың тағы бір бағыты – Қазақстанда деректерді өңдеу және сақтау мүмкіндігін арттыру. Бұл үшін «ДӨО алқабын» дамыту және жаһандық технологиялық компаниялар мен бұлтты сервистерді елге тарту жоспарланып отыр.

Еске салайық, осы жылы жазда Тоқаев Digital Qazaqstan стратегиясын бекіткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар