Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

FlyArystan әуекомпаниясы әуебилеттерге 15% жеңілдік науқанын бастайды

kz.kursiv.media

FlyArystan әуекомпаниясы әуебилеттерге 15% жеңілдік науқанын бастайды

FlyArystan әуекомпаниясы бірқатар ішкі және халықаралық бағыттарға әуебилеттерді 15% жеңілдікпен ұсынатын екі күндік науқан бастайды.

Компанияның хабарлауынша, науқан 2026 жылғы 26 және 27 тамызда өтеді. Осы кезеңде жолаушылар 2026 жылғы 3 қарашадан 17 желтоқсанға дейінгі аралықтағы сапарларға билеттерді арнайы тарифтермен сатып ала алады.

«Жеңілдік берілетін ішкі бағыттар Алматыдан: Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Астана, Семей, Өскемен, Орал және Павлодар. Астанадан: Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Семей, Ақтау, Өскемен және Орал. Атыраудан: Алматы, Шымкент және Ақтау. Ақтаудан: Шымкент, Атырау, Орал және Ақтөбе», – делінген хабарламада.

Халықаралық бағыттар Алматыдан: Чунцин, Самарқан, Үргеніш, Сиань және Инин. Астанадан: Кутаиси, Үрімші, Инин және Ташкент. Ақтаудан: Кутаиси және Үрімші. Атыраудан: Кутаиси.

FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейін және өлшемдері 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі кіреді.

Әуекомпания қосымша қызметтерді билетпен бірге рәсімдеуге кеңес береді. Сонда жолаушылар олардың құнынан 70%-ға дейін үнем жасай алады.

Айта кететін жайт, Air Astana мен FlyArystan ұшақтары әзірге Дубайға ұшпайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар